Әзірге оның 1/16 айналымдағы қарсыласы анықталған жоқ
Токио Олимпиадасында садақ атудан Қазақстан командасының мүшесі Ильфат Абдуллин жекелей сынды сәтті бастады, деп жазады Olympic.kz.
Ильфат 1/32 айналымда Ұлыбритания намысын қорғаған Джеймс Вудгэйтпен кездескен болатын. Кездесуде 7:3 есебімен қазақстандық спортшы жеңіске жетті.
Әзірге Ильфат Абдуллиннің 1/16 айналымдағы қарсыласы анықталған жоқ.