Қазақстанда 15,7 мыңнан астам шетелдік азамат еңбек етіп жүр

Автор: Azattyq Rýhy

Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін пайдаланатын 1 793 жұмыс беруші бар

көрнекі фото

2021 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 15 796 шетелдік азамат жергілікті атқарушы органдардың рұқсаты бойынша Қазақстан аумағында еңбек етіп жүр.

Шетелдік жұмыс күшін (бұдан әрі – ШЖК) тартуға берілген рұқсаттардың ішінде мынадай санаттар бар: бірінші санат – 651 (басшылар және олардың орынбасарлары), екінші санат – 3 281 (құрылымдық бөлімшелердің басшылары). Тартылған ШЖК-нің негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – тиісінше 7 600 адам және 410 адам. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға – 1 939 адам, ал корпоративтік ауыстыру шеңберінде 1915 адам тартылған.

Қазір Қазақстанда ШЖК пайдаланатын 1 793 жұмыс беруші бар. Оларда шамамен 484 мың Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл жалпы жұмысшылар санының 97%-ын құрайды.

Еңбекші мигранттар шығатын негізгі елдер келесі: Қытай – 3 782 адам, Өзбекстан – 1 953 адам, Түркия – 1 633 адам, Үндістан – 1 051 адам, Венгрия – 992 адам, Ұлыбритания – 959 адам.

Естеріңізге сала кетейік, ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын елімізге шетелдік мамандарды тартуға арналған квота белгілейді. 2021 жылы квота мөлшері жұмыс күшіне шаққанда 0,31%-ды немесе 29,3 мың бірлікті құрады.