$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.07.2021, 17:50
Жаңалықтар

Ауруханаларда науқастарға арналған төсек-орын жетпей қалуы мүмкін – Цой

Министрдің айтуынша, тұрғындардың көбі маска тағуды азайтқан

Ауруханаларда науқастарға арналған төсек-орын жетпей қалуы мүмкін – Цой
көрнекі фото: vlast.kz

Соңғы екі апта ішінде Қазақстан аумағында коронавирус жұқтырғандар саны 2 есе өсті. Республика бойынша төсек-орындардың 53%-ы науқастармен қамтылып үлгерді. Бұл туралы ОКҚ-да өткен брифингте Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді.

«1 шілдемен салыстырғанда елімізде инфекциялық және реанимациялық төсектердің қамтылуы үш есе өсті. Осыған байланысты төсек қоры 1,4 есеге артты. 28 шілдедегі жағдай бойынша инфекциялық төсек-орындардың 53%-ына, реанимациялық төсек-орындардың 43%-ына науқастар жатқызылды», - деді министр.

Бірқатар өңірлерде инфекциялық және реанимациялық төсек-орын тапшылығы болуы мүмкін. Мұндай жағдай Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары және Ақтөбе, Ақмола және Қызылорда облыстарында болуы мүмкін.

Министрдің айтуынша, бүгінде медицина қызметкерлері екі есе жүктемемен жұмыс істеп жатыр. Егер өткен жылы сырқаттану көрсеткіші тәулігіне 2 мың адамға дейін болса, осы жылдың шілде айында өсім 3 еседен асты. Емделіп жатқан пациенттер саны да екі есеге артты.

«Бүгінде елімізде 90 мыңға жуық адам ауырып жатыр. Олардың 25 мыңға жуығы стационарларда, 65 мыңға жуығы амбулаториялық ем алуда. Шілде айының басымен салыстырғанда, ауыр науқастар саны 2,1 есе өсті. 1000-ға жуық науқас ӨЖЖ аппараттарында жатыр», - деді Алексей Цой.

Айта кетерлігі, Ashyq арқылы «қызыл» және «сары» мәртебесі бар 23 мыңнан астам қазақстандық анықталды. Министрдің айтуынша, тұрғындардың көбі маска тағуды азайтқан.

Серіктес жаңалықтары