$ 503.15  543.3  5.93
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
24.09.2019, 10:10
Жаңалықтар

Көкшетауда жылу бағасы айтарлықтай төмендеген

2019 жылдың тамыз айының қорытындысы бойынша республикамызда жылу тарифтері Гкалына 3440,4 теңге болып, өткен жылдың тамыз айымен салыстырғанда 14% төмендеген

Көкшетауда жылу бағасы айтарлықтай төмендеген
apostrophe.ua

Үкімет осы жылдың 1 қаңтарынан бастап коммуналдық қызмет тарифтерін төмендетіп бастады. Ақпан айынан бастап республика бойынша жылу бағасы 8,7% төмендеп, жылу маусымының соңына дейін осы баға қалыпты болды. Бұл туралы finprom.kz хабарлайды.

Жылу энергиясы 2018 жылдың желтоқсанынан 2019 жылдың қаңтарына дейін 5,5% төмендеді және 1 Гкал үшін 3769,92 теңгені құрады. 2019 жылдың тамыз айының қорытындысы бойынша республикамызда жылу тарифтері Гкалына 3440,4 теңге болып, өткен жылдың тамыз айымен салыстырғанда 14% төмендеген.

Республика бойынша жылу тарифтері бойынша ең төменгі көрсеткіш Көкшетау қаласында байқалды – бірден 62% төмендеген. Екінші орында Шымкент қаласы - 25,3%, үшінші орында Талдықорған қаласы - 20,1%. Бұл тізімде Павлодар және Нұр-Сұлтан қалалары да бар. Ал, ең жоғары баға Алматы (5426,87 тг), Шымкент (5103,73 тг) және Атырау (4810,84 тг) қалаларында.

Серіктес жаңалықтары