Президент сапар барысында өндіріс кәсіпорындарының жұмысымен танысады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысының орталығы Көкшетау қаласына жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.
Президент сапар барысында өндіріс кәсіпорындарының жұмысымен танысып, өңірдегі денсаулық сақтау және білім беру нысандарын аралап көреді.
Еске салайық, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ақмола облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы жаңа жарлығы жарияланды.
Құжатқа сәйкес, Ақмола облысы Целиноград ауданының Қосшы ауылы облыстық маңызы бар қала санатына жатқызылатын болады.