Осы жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ақмола облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы жаңа жарлығы жарияланды.
Құжатқа сәйкес, Ақмола облысы Целиноград ауданының Қосшы ауылы облыстық маңызы бар қала санатына жатқызылатын болады.
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы ҚР заңының 9-бабына сәйкес: