Зүлфия Чиншанло Қазақстан қоржынына үшінші медаль салды

Автор: Azattyq Rýhy

Қазақстан зілтеміршілері Токио Олимпиадасына екі жолдама алған, екеуі де жүлделі болды

Ауыр атлетикадан ҚР Ұлттық құрама командасының мүшесі, үш дүркін әлем чемпионы Зүлфия Чиншанло Токио Олимпиадасында қол жүлдеге ие болды.

Қазақстандық спортшы қоссайыс қорытындысы бойынша 213 келіні бағындырды. Ол жұлқа көтеруде 90, серпе көтеуде 123 келіні көтерді.

Бұл салмақта алтын медальді Филиппин өкілі Хидилин Диас (224 келі) еншілесе, күмісті қытайлық Ляо Кюн (223 келі) иеленді.

Осылайша, Токио Олимпиадасына аттанған екі зілтеміршіміз де қола медаль тағынды.