Ол қамауға алынды
Шығыс Қазақстан облысындағы аудандардың бірінде әкімнің орынбасары кәсіпкерден ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаменті хабарлап отыр.
Алдын ала мәлімет бойынша, шенеунік кәсіпкерден 1 миллион 800 мың теңге көлемінде ауызбастырық алған. Қазір ол қамауға алынып, үстінен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Тергеу мүддесіне сәйкес басқа мәліметтер жария етуге жатпайды.