26.07.2021, 11:11
Жаңалықтар
Тағы бір қазақстандық дзюдошы Олимпиада медалінсіз қалды
Жансай Смағұлов канадалық спортшыдан жеңілді
фото: Қазақстан ҰОК
Дзюдодан 73 келіде сынға түскен Қазақстан командасының мүшесі Жансай Смағұлов үшін Токио Олимпиадасы аяқталды, деп жазады Olympic.kz.
Смағұлов үшінші айналымда канадалық Артур Маргелидонмен кездескен болатын. Белдесудің негізгі уақыты тең аяқталып, жеңімпаздар қосымша уақытта (golden score) анықталды.
Бірінші болып «ваззари» ұпайын алған Канада өкілі келесі айналымға өтті.
Дзюдодан Қазақстан командасының еншісінде Елдос Сметов еншілеген жалғыз медаль бар. Кеше Ерлан Серікжанов (66 келі), бүгін Жансай Смағұлов (73 келі) жарысты ерте аяқтады.
Көп оқылған
26.08.2026, 13:29
«Жүре алмайтыныма қарамастан ауруханадан шығарып жіберді»: Ұлдана Мырзуан көмекке ұмтылған әйел өз шындығын айтты
26.08.2026, 17:24
«Өлтіре ме деп қорқамын»: Алматыда бойжеткен экс-сүйіктісінен көрген азабын айтып, жанұшыра көмек сұрады
26.08.2026, 16:59
Пәкістанда аурухана өртеніп, 14 сәби тірідей жанып кетті
26.08.2026, 17:11
Секіріп, қуанды: Тоқаевтың сұрағына мүдірмей жауап берген оқушы желі жұртын сүйсіндірді (ВИДЕО)