Ұлытау ауданындағы табиғи өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр
Өткен демалыс күндері Қарағанды облысының Ұлытау, Шет, Осакаров, Бұқар жырау аудандарында табиғи және дала өрті тіркелді. Жалпы аумағы 142 га құраған дала өрті толық сөндірілді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен хабарланды.
Өрт сөндірушілер Қарағанды облысының Ұлытау ауданындағы табиғи өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Алдын ала аумағы 4 000 га.
Өртті сөндіруге Қарағанды облысы ТЖД, жергілікті атқарушы органдарының, орман шаруашылығының күштері мен құралымдары, өртке қарсы ерікті құрылымдары және жергілікті тұрғындар жұмылдырылды.
Олардың жалпы саны 229 адам мен 66 техника. Елді мекендерге қауіп жоқ.