COVID-19: елімізде бір тәулікте 6 631 адамнан коронавирус анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

Жалпы осы күнге дейін ауырғандар саны 530 мыңға жуықтады

Фото ашық дереккөзден

Қазақстанда өткен тәулікте 6631 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

Аймақтар бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 1501
  • Алматы қаласы – 1191
  • Шымкент қаласы – 499
  • Ақмола облысы – 194
  • Ақтөбе облысы – 229
  • Алматы облысы – 230
  • Атырау облысы – 420
  • Шығыс Қазақстан облысы – 134
  • Жамбыл облысы – 102
  • Батыс Қазақстан облысы – 271
  • Қарағанды облысы – 768
  • Қостанай облысы – 178
  • Қызылорда облысы – 179
  • Маңғыстау облысы – 245
  • Павлодар облысы – 225
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 141
  • Түркістан облысы – 124.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 529 269 адамға жетті. Олардың 446 996-ы емделіп шыққан.