Қаулы 2021 жылғы 26 шілдеден сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді
Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің орынбасары Ж. Пралиева Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «2021 жылғы 14 шілдедегі № 23 Нұр-Сұлтан қаласында шектеу және карантиндік іс-шараларды қатаңдату туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қаулыға келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілді:
1. сауда-ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, сауда орталықтарының жұмысын бір келушіге 4 м2 есебінен толымдылықты сақтаған кезде, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, бұл нысандардағы COVID-19-ға қарсы жаппай вакцинациялауға арналған пункттердің орналасуына қарамастан, жұмыс күндері сағат 10.00-нан 17.00-ге дейін, сенбі және жексенбі күндері жұмысқа тыйым салынады (азық-түлік өнімдері мен бірінші кезекте қажетті заттарды сататын дәріханаларды, шағын маркеттерді, супермаркеттер мен гипермаркеттерді, COVID-19-ға қарсы жаппай вакцинациялауға арналған пункттерді, осы Қаулымен орналасқан жеріне қарамастан қызметі рұқсат етілген объектілерді);
Бұл ретте, көрсетілген объектілерде және олардың аумақтарында орналасқан аттракциондардың, ойын алаңдарының, мұзды және роликті сырғанақтардың, ойын орталықтарының жұмысына, оның ішінде «Ashyq» жобасына қатысатын объектілердің жұмысына қатаң тыйым салынады. «Ashyq» жобасына қатысатын фудкорттардың жұмыс кестесі жұмыс күндері сағат 10.00-нан 17.00-ге дейін, сенбі және жексенбі күндері жұмысқа тыйым салумен және тамақты жеткізуге және шығару қызметі жұмыс және демалыс күндері сағат 10.00-нан 17.00-ге дейін рұқсат етіледі. Түрлі акциялар, жәрмеңкелер, шоурумдар, ұтыс ойындарын (онлайн форматты қоспағанда) өткізуге тыйым салынады;
2. мейрамханалар, дәмханалар, кофеханалар типіндегі (ғимараттардың ішінде) қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмысын орналасқан жеріне қарамастан, оның ішінде ашық ауада (жазғы залдарда), күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды және көршілес үстелдердің шеткі орындары арасында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 30 орыннан аспайтын шарттарды сақтаған жағдайда жұмыс күндері сағат 07:00-ден 12:00-ге дейін жұмыс кестесін белгілеумен, сенбі және жексенбі күндері жұмыстарына тыйым сала отырып, тамақты жеткізу және шығаруды штаттық режимде, «Ashyq» жобасына қатысатын объектілер үшін жұмыс кестесін жұмыс күндері сағат 07.00-ден 17.00-ге дейін, сенбі және жексенбі күндері тыйым салумен белгілей отырып ұйымдастыру. Ұжымдық, салтанатты, отбасылық, еске алу (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және т. б.) және басқа да бұқаралық іс-шараларды («Ashyq» жобасына қатысатын объектілерде еске алуды өткізуді қоспағанда) ұйымдастыруға және өткізуге қатаң тыйым салынады;
3. асханалар типі бойынша қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмысын орналасқан жеріне қарамастан, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды және көршілес үстелдердің шеткі орындары арасында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, жұмыс күндері сағат 07:00-ден 17:00-ге дейін, сенбі және жексенбі күндері тыйым салумен белгілей отырып, ғимарат ішінде толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 30 орыннан аспайтын отырғызу орындарын сақтай отырып ұйымдастырылады;
4. жабық спорттық объектілердің жұмысын (спорт кешендері, спорт мектептері, спорт клубтары, жаттығу залдары) меншік нысанына қарамастан, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, топтық сабақтарсыз, тек жеке жаттығулар үшін, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, «Ashyq» жобасына қатысатын объектілер үшін сағат 07.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып, сенбі және жексенбі күндері жұмысына тыйым салумен ұйымдастырылады;
5. фитнес-орталықтардың, фитнес-клубтардың, йога орталықтардың, спорттық-сауықтыру объектілерінің жұмыстарын бассейндер мен сауналарды, СПА, массаж, пилинг және т. б. іске қосылуымен, орналасқан жеріне қарамастан, бір келушіге жаттығу залының 4 м2 есебімен және 5м2 су айнасын қамтамасыз етумен, қатаң түрде алдын ала жазылу бойынша, топтық сабақтарды өткізбей, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, «Ashyq» жобасына қатысатын объектілер үшін сағат 07.00-ден 17.00-ге дейін, сенбі және жексенбі күндері жұмысқа тыйым сала отырып ұйымдастырылады;
6. жабық бассейндердің жұмысын сауналарды қатыстыра отырып, қатаң түрде алдын ала жазылу бойынша, бір уақытта бір жолда бір келушінің болуын қатаң түрде қамтамасыз ете отырып, олар болмаған кезде бір адамға 5м2 су айнасын есептей отырып, топтық сабақтарды өткізбей, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, «Ashyq» жобасына қатысатын объектілер үшін сағат 07.00-ден 17.00-ге дейін, сенбі және жексенбі күндері жұмысқа тыйым сала отырып ұйымдастырылады;
7. саунаның жұмысын бассейндер, СПА, массаж, пилинг және т. б. іске қосылуымен бір келушіге 4 м2 есебімен және бір адамға 5 м2 су айнасын есептей отырып, келушілердің бір уақытта қатысуымен, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, «Ashyq» жобасына қатысатын объектілер үшін сағат 07.00-ден 17.00-ге дейін, сенбі және жексенбі күндері жұмысқа тыйым сала отырып ұйымдастырылады;
8. СПА-орталықтарының, СПА-салондардың, сондай-ақ массаж орталықтары мен кабинеттердің жұмысын (қатаң түрде алдын ала жазылу бойынша) массаж салонына бір мезгілде 3 келушіден артық емес барумен, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, «Ashyq» жобасына қатысатын объектілер үшін сағат 07.00-ден 17.00-ге дейін, сенбі және жексенбі күндері жұмысқа тыйым сала отырып ұйымдастырылады;
9. косметикалық және косметологиялық қызметтер, маникюр және педикюрқызметтерін көрсететін сұлулық салондарының, шаштараздардың, орталықтар мен салондардың, «барбер шоптардың» жұмысын (1 келушіге 4 м2 есебінен қатаң түрде алдын ала жазылу бойынша) орналасқан жеріне қарамастан, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, жұмыс кестесін жұмыс күндері сағат 8.00-ден 17.00-ге дейін, сенбі және жексенбі күндері жұмысқа тыйым сала отырып ұйымдастырылады;
10. «Ashyq» жобасына қатысатын кәсіпкерлік субъектілері үшін караоке жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, көршілес үстелдердің шеткі орындары арасында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, 50% - ға дейін толтырумен, бірақ 30 орыннан аспайтын жұмыс кестесін жұмыс күндері сағат 12.00-ден 18.00-ге дейін, сенбі мен жексенбі күндері тыйым салумен ұйымдастыру. Бұл ретте конкурстарды, ұжымдық (корпоративтік) іс-шараларды өткізуге жол берілмейді;
11. компьютерлік клубтардың, PlayStation клубтарының, боулингтердің, театрлардың, цирктердің, көрмелердің, бильярд, караоке, байланыс зоопарктерінің, океанариумдардың, батуттардың, түнгі клубтардың, букмекерлік кеңселер мен ойын клубтарының, сонымен бірге лотерея ұтыс ойыны, жабық спорт объектілерінің (спорт кешендері, спорт мектептері, спорт клубтары, жаттығу залдары), фитнес-орталықтардың, фитнес-клубтардың, йога орталықтарының, спорттық-сауықтыру объектілерінің, жабық бассейндердің, сауналардың, СПА-орталықтардың, СПА-салондардың («Ashyq» жобасына қатысатын субъектілерді (объектілерді) қоспағанда ) және кинотеатрлардың, концерт залдарының, кинорумдардың, жабық үй-жайлардағы балалардың ойын-сауық орталықтарының, балалардың ойын бөлмелерінің, ойын алаңдарының және аттракциондардың, спорт объектілерінде орналасқандарды қоспағанда, мұзды және роликті сырғанақтың жұмыстарына тыйым салынады.