Елімізде бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 74 адам қайтыс болды

Автор: Azattyq Rýhy

1 258 науқас ауыр халде жатыр

Фото ашық дереккөзден

Қазақстанда бір тәулікте коронавирус пен КВИ белгілері бар пневмониядан 74 адам қайтыс болды деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.

Қайтыс болғандардың 64-і коронавирустан көз жұмса, 10 адам пневмонияның құрбаны болған.

23 шілдедегі мәлімет бойынша, 71 221 адам коронавирус инфекциясынан (–69 436 + және 1 785 КВИ-) емделуде. Олардың ішінде 21 096 пациент стационарда, 50 125 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 1 258 адамның жағдайы ауыр;
  • 274 пациенттің жағдайы өте ауыр;
  • 166 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.