Қазақстанда коронавирус жұқтыру бойынша антирекорд: өткен тәулікте 6,1 мың адамнан КВИ анықталған

Автор: Azattyq Rýhy

Вирус Нұр-Сұлтан мен Алматыда өршіп тұр

Tengrinews.kz

Қазақстанда өткен тәулікте 6 119 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

Аймақтар бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 1381
  • Алматы қаласы – 996
  • Шымкент қаласы – 488
  • Ақмола облысы – 189
  • Ақтөбе облысы – 230
  • Алматы облысы – 230
  • Атырау облысы – 489
  • Шығыс Қазақстан облысы – 78
  • Жамбыл облысы – 105
  • Батыс Қазақстан облысы – 235
  • Қарағанды облысы – 794
  • Қостанай облысы – 156
  • Қызылорда облысы – 129
  • Маңғыстау облысы – 205
  • Павлодар облысы – 203
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 110
  • Түркістан облысы – 101.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 516 117 адамға жетті. Оның ішінде 441 437 науқас емделіп шыққан.