Бірнеше күн бұрын халықаралық жемқорлық пен ұйымдасқан қылмысты зерттеу орталығы (OCCRP) Pegasus тыңшылық бағдарламасы арқылы телефоны тыңдалған адамдардың тізімін жариялады
Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев «Ашық диалог» бағдарламасында Pegasus төңірегіндегі шуға қатысты пікір білдірді.
Бірнеше күн бұрын халықаралық жемқорлық пен ұйымдасқан қылмысты зерттеу орталығы (OCCRP) Pegasus тыңшылық бағдарламасы арқылы телефоны тыңдалған адамдардың тізімін жариялады. «Ашық диалогқа» берген сұхбатында Дәурен Абаев осы жағдайға қатысты ойын ашық айтты.
«Нақты анық емес дүние туралы пікір айтудың өзі қиын. Бізге қандай да бір дәлелі жоқ, айтарлықтай дүрліктіретін ақпарат берілді және соған жай ғана сенуді ұсынып отыр. Былайша айтқанда, ол тізімге кімді болса да қосып, ел ішінде, элитаның, журналистердің және басқалардың арасына күмәннің дәнін себуге болады. Маған бұл мәселеде ақылға қонымды скептицизм ұстану дұрыс сияқты. Әзірге басқа айтарым жоқ», - деді Дәурен Абаев.