Елімізде бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 77 адам көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл – антирекорд

Қазақстанда коронавирус пен КВИ белгілері бар пневмониядан көз жұмғандар саны күрт өсті деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Белгілі болғандай, бір тәулікте коронавирустан 64 адам қайтыс болса, пневмония 13 адамның өмірін жалмаған. Бұл пандемия басталған уақыттан бергі ең жоғары көрсеткіш.

22 шілдедегі жағдай бойынша 67 475 адам коронавирустан емделіп жатыр (65 808 КВИ+, 1 667 КВИ-). Олардың 20 526-сы ауруханада жатса, 46 949 науқас үй жағдайында ем қабылдауда.

  • 1 190 науқас ауыр халде;
  • 272 науқас аса ауыр халде;
  • 168 науқас ИВЛ аппаратына қосылған.