Жарыс 23 шілдеде басталып, 8 тамызда аяқталады
Токиода өтетін жазғы Олимпиада ойындарын қазақстандық телеарналар тікелей эфирде көрсететін болды деп жазады Vesti.kz өз дереккөздеріне сілтеме жасап.
Қазақстандық телеарналар трансляция жүргізуге берілетін құқыққа қол жеткізген. Осылайша, жазғы Олимпиада ойындарын енді Qazsport, Qazaqstan және «Хабар» телеарналары көрсететін болады.
Еске салайық, бұған дейін Мәдениет және спорт министрлігі Токио олимпиадасының отандық телеарналардан көрсетілмеуі мүмкін екенін айтқан болатын. Өйткені, трансляция бағасы бұрынғыдан 120%-ға қымбаттап кеткен.