Қазандағы мектепте оқушыларды қырып салған Ильназ Галявиев түрмеге қамалмауы мүмкін

Автор: Azattyq Rýhy

Экспертиза оның ақыл-есінің сау емес екенін көрсеткен

Татарстан астанасы Қазандағы мектептердің бірінде тоғыз адамды атып өлтірген Ильназ Галявиевті экспертиза ақыл-есі сау емес деген қорытынды шығарды. Бұл туралы «Газета ОНК» жазды.

«Біздің ақпаратқа сәйкес, В.П.Сербский атындағы әлеуметтік және сот психиатриясы ғылыми орталығы Ильназ Галявиевтің ақыл-есі сау емес деген қорытынды шығарған», - деп жазды аталған басылым.

Еске салайық, қанды оқиға биыл 11 мамырда болған еді. 19 жастағы Гальявиев №175 мектеп-гимназияға келіп, алдымен жарылыс жасаған. Артынша ол балаларға қарата оқ жаудырған. Салдарынан жеті оқушы мен екі мұғалім қаза тапты. Тағы 24 адам түрлі дене жарақатын алған.

Қазіргі таңда басты күдікті қамауда отыр. Оған екі және одан да көп адам өлтірген деген айып тағылған.