1 157 адамның жағдайы ауыр
Қазақстанда бір тәулікте коронавирус пен КВИ белгілері бар пневмониядан 62 адам қайтыс болды деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.
Қайтыс болғандардың 54-де коронавирус ПТР-тест арқылы анықталса, сегізінде тест теріс нәтиже көрсеткен.
Жалпы, 21 шілдедегі жағдай бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған 64 367 адам ем қабылдап жатыр (62 651 КВИ+ және 1 716 КВИ-). Олардың ішінде 20 050 науқас ауруханада жатса, 44 317-сі үй жағдайында ем қабылдауда.