Жамбыл облысында бір күнде тепловоз мен автокөлік өртенді

Автор: Azattyq Rýhy

Өрт бір жарым сағатта сөндірілген

фото ашық дереккөзден

Жамбыл облысында орташа есеппен күнделікті жедел басқару орталығына төтенше жағдайлар туралы 20-дан астам хабарлама келіп түседі, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі.

«Өткен тәуліктерде Талас ауданының №12 өрт сөндіру бекетінің «101» телефонына, Талас ауданының Табакбұлақ станциясындағы тепловоздың өрті туралы хабарлама келіп түскен. Шақыру орнына өрт сөндіру бекетінің күштері мен құралдары жіберілді. Келген бойда өрт сөндірушілердің кәсіби іс-әрекеттерінің арқасында өрт бір сағат ішінде оқшауланды, бір жарым сағатта сөндірілген. Өрттің жалпы ауданы 50 шаршы метрді құрады. Өрттің шығу себебі анықталуда. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ»,-делінген хабарламада.