Арыс қаласында әлеуметтік дүкен ашылды

Автор: Azattyq Rýhy

Жағдайы төмен отбасылар мен көмекке зәру тұрғындарға  азық-түлік, киім-кешек, тұрмыстық техникалар тегін таратылады

inform.kz

Арыс қаласында мұқтаж жандарға арналған әлеуметтік дүкен ашылды. Жағдайы төмен отбасылар мен көмекке зәру тұрғындарға арналған дүкенде азық-түлік пен киім-кешектен бастап тұрмыстық техника сынды көптеген заттар тегін таратылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Сауда орнының ашылу рәсіміне қала әкімі Гүлжан Құрманбекова мен зиялы қауым өкілдері және қала тұрғындары қатысып, ұсыныс пікірлерін ортаға салды.

«Қаламызда алғаш рет іске қосылған бұл дүкен «Қолғабыс» қоғамдық қорының бастамасымен ашылып отыр. Мұнда киім-кешектен бастап, аяқ киім, ойыншық, балаларға арналған арба, ыдыс-аяқ, тұрмыстық техникамен қоса азық-түлік өнімдеріне дейін бар. Жаны жомарт жандар табыстаған тұрмысқа қажетті заттарды дүкен қызметкерлері мұқтаж отбасыларға тегін беретін болады», - дейді Гүлжан Құрманбекова.