Қалған үш өңір «сары» аймақта орналасқан
Қазақстанның 14 өңірі «қызыл» аймақта тұр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
19 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.
«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары;
«Сары» аймақта: Жамбыл, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары орналасқан.