Елімізде бір тәулікте 47 адам коронавирустан көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

Коронавирустан қайтыс болғандардың арасында ең көбі Нұр-Сұлтан қаласында тіркелді

фото ашық дереккөзден

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі соңғы тәулікте коронавирустан көз жұмғандар статистикасын жариялады.

Оған сәйкес 13 шілде күні Қазақстан аумағында 47 адам коронавирустан, тағы 2 адам пневмониядан қайтқан. Коронавирустан қайтыс болғандардың арасында ең көбі Нұр-Сұлтан қаласында тіркелді. Жалпы саны – 11 науқас. Қарағанды мен Батыс Қазақстан облыстарында – 7, Алматы, Шымкент қалалары мен Атырау облысында – 4, Павлодар және Ақмола облыстарында – 3, Маңғыстау облысында – 2, Алматы және Қостанай облыстарында – 1 адамнан қайтыс болған.