Инфекциялық стационарларда 947 науқас оқшауланған
Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 59 науқас жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі.
«Өңірдегі 2 632 орындық инфекциялық стационарлардағы жүктеме – 35,9%. Ал 113 төсек-орны бар жансақтау бөлімінде жағдайы ауыр 59 науқас емделіп жатыр. Оның ішінде 8 пациент өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Мұндағы жүктеме 52,2%-ды құрап отыр», - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.