20 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

Автор: Azattyq Rýhy

Жұма күні еліміздің басым бөлігінде қар мен жаңбыр аралас жауын-шашын жауады

20 желтоқсан, жұма күні еліміз аумағының басым бөлігінде қар мен жаңбыр аралас жауын-шашын жауады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, республиканың кей аумағында тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді, оңтүстік-шығыста қатты желдің жылдамдығы 30 м/с және одан жоғары болады.

Ал Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстарының кей тұсында түнде жел жылдамдығы 15-20, күндіз 15-20 м/с күшейеді.

Сондай-ақ, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Алматы, Атырау облыстарының кей жерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің жылдамдығы кей аумақта 23-28 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Павлодар облыстарының кей аумағында да тұман, көктайғақ, бұрқасын болуы мүмкін, желдің жылдамдығы 15-23 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде көктайғақ, бұрқасын болып, жел жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді.