Тоқаев демалысын Бұқтырма су қоймасының жағалауында өткізіп жатыр

Автор: Azattyq Rýhy

Ол елордаға сенбі күні оралады

Бұған дейін Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Қасым-Жомарт Тоқаевтың қысқа мерзімді демалысқа шығатынын хабарлаған. Бүгін ол өзінің Facebook-парақшасында Мемлекет басшысының демалысы қалай өтіп жатқанын айтты.

Президенттің демалысы 13 шілдеде басталып, 16 шілдеде аяқталады. Осы уақытта ол Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасының жағасында демалып жатыр.

«Мемлекет басшысы 13-16 шілде аралығында төрт күндік қысқамерзімді демалыста болады. Қасым-Жомарт Кемелұлы демалысын еліміздің ең көрікті жерлерінің бірі – Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасы аумағында өткізіп жатыр. Президент елордаға сенбі күні оралады», - деп жазды Берік Уәли әлеуметтік желідегі парақшасында.