Шымкентте вакцина алмаған қызметкерлер жұмыс орнына кіргізілмейді – жаңа қаулы

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл ереже базар саудагерлеріне де қатысты

OTYRAR

Шымкент қаласы Бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі. Әбдіманап Төлебаев 1 шілдеде жариялаған қаулысына өзгерістер енгізген.

Жаңа қаулыға сәйкес, енді коронавирусқа қарсы вакцинаны алмаған қызметкерлер, жұмысшылар жұмыс орнына жіберілмейді. Екпе алуға болмайтыны туралы дәрігердің анықтамасы бар адамдар және апта сайын ПЦР-тест тапсыруға келіскендер ғана осынау талапты айналып өте алады.

Еске салайық, 1 шілдедегі қаулыда қызмет көрсету орындарының бәрінде жұмыс істейтін қызметкерлер мен жұмысшылар коронавирусқа қарсы вакцина алуға міндетті деп көрсетілген. Оның ішінде кафе, мейрамхана, сауда орындары, базарлар мен өзге де нысандар бар.