13 шілдеге арналған ауа райы болжамы
Еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады
Синоптиктер сейсенбі, яғни 13 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Оңтүстік Каспий циклоны республиканың басым бөлігіндегі тұрақсыз ауа райына себеп болады, жаңбыр жауады, найзағай болады, елдің солтүстігінде, солтүстік-шығысында және орталығында қатты жаңбыр жауады. Тек ҚР оңтүстік-батысы мен батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде дауыл, бұршақ, желдің күшеюі, оңтүстік және оңтүстік-батыста шаңды дауыл күтіледі, солтүстік-батыста және орталықта тұман болады», - делінген «Қазгидромет» РМК баспасөз хабарламасында.
Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының кей жерлерінде бұршақ, дауыл соғады, жел түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді.
Таңертең және күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде дауыл, шаңды дауыл соғады, жел 15-20, таңертең және күндіз екпіні 25 м/с жетеді.
Жамбыл облысының кей жерлерінде бұршақ жауады, жел 15-20, таңертең және күндіз екпіні 23-28 м/с жетеді.
Алматы облысының күндіз таулы аудандарында бұршақ жауады, кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 25 м/с-ке дейін күшейеді.
Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі, жел түнде кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с күшейеді.
Маңғыстау, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, шаңды дауыл соғады, Қызылорда облысының түнде және таңертең кей жерлерінде дауыл соғады.
Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде бұршақ, дауыл соғады, жел 15-20 м/с күшейеді, Қарағанды облысының түнде кей жерлерінде тұман түседі.
Шығыс Қазақстан облысының, күндіз Ақтөбе облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Күндіз Алматы облысының кей жерлерінде қатты ыстық сақталады.
«Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Атырау, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Алматы, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады», - делінген хабарламада.