$ 515.18  570.66  6.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
13.07.2021, 01:14
Жаңалықтар

Алматы стационарларында 5 мың төсек-орын дайындалды

Дәрігерлер қала тұрғындарын коронавирусқа қарсы вакцина алуға шақырады

Алматы стационарларында 5 мың төсек-орын дайындалды
Фото: ашық дереккөзден

Алматы қаласы инфекциялық стационарларында 5 060 төсек-орын жабдықталды. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Табынбаев мәлімдеді. 

Нариман Табынбаевтың айтуынша, қазіргі таңда жұқпалы аурулар стационарында коронавирус жұқтырған 1 724 науқас жатыр, оның 143-і – бала.

«Алматы 12 стационарында 5 060 төсек-орын қамтылған. Қазіргі уақытта оның 34%-ы бос емес. «Дельта» штамы – өте қауіпті болып отыр. Науқастарды емдеу кезінде инфекция салдарынан ағзаның қай мүшесі зақымданатыны ескеріледі. Бүйрек жиірек зақымданады», - деді Алматының бас дәрігері.

Дәрігер қала тұрғындарын коронавирусқа қарсы вакцина алуға шақырады.

Айта кетсек, Алматы қаласында 212 вакцина пунктерінде 1 260 адам жұмылдырып, 308 екпе бригадасы қызмет атқарады.

Серіктес жаңалықтары