ШұғылҚазақстанда бір тәулікте коронавирусты 7 мыңға жуық адамның жұқтырғаны анықталды

Италия EURO чемпионы: финалдың қызықты сәттері

Футболдан Еуропа чемпионатын Италия құрамасы жеңіп алды

Бір айға жалғасқан футболдан құрлық бәсекесі мәресіне жетті. Финалда Италия мен Англия құарамалары кездескен болатын. Ойынның негізгі кезеңі тең аяқталып (1:1), пенальти сериясында итальяндық футболшылардың бағы жанды.

Матчтың есебі екінші минутта ашылған. Англия футболшыларының бірінші шабуылы голмен аяқталды, есепті ашқан – Люк Шоу.

Ал, 67-минутта итальяндықтар сапынан орталық қорғаушы Леонардо Бонуччи есепті теңестірді. Бұл есеп матчтың негізгі уақытында өзгеріссіз қалғандықтан, төреші қосымша екі тайм белгіледі. Алайда, қос құраманың ойыншылары жарты сағат бойы жеңіс голын соға алмағады, жеңімпаз пенальти сериясы арқылы анықталды.

Ал, Италия құрамасының қақпашысы Джанлуиджи Доннарума Еуро чемпионатының ең үздік ойыншысы атанды.