$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
11.07.2021, 17:53
Жаңалықтар

12 шілдеге арналған ауа райы болжамы

Еліміздің батыс және оңтүстік өңірлерінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады

12 шілдеге арналған ауа райы болжамы
Фото: ашық дереккөзден

Синоптиктер 12 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Республиканың көп бөлігінде ауа райы тұрақсызданып, кей өңірлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында қатты жаңбыр жауады. Тек батыс және оңтүстік аймақтарда жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша кей жерлерде найзағай ойнап, дауыл, бұршақ болады, жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл соғады», - делінген «Қазгидромет» РМК баспасөз хабарламасында.

Атап айтқанда, Қостанай облысының кей жерлерінде түнде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с күшейеді, кей жерлерде найзағай, бұршақ, тұман болады.

Шығыс Қазақстан облысында жел 15-20 м/с жетіп, кей жерлерде екпіні 25 м/с күшейеді, кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ болады.

Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай болады, күндіз бұршақ, дауыл болады, таңертең және күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ болады, күндіз дауыл соғып, түнде және таңертең тұман түседі, жел 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күшейеді.

Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай болады, түнде тұман түседі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Жамбыл облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жетеді, шаңды дауыл соғады.

Түнде Атырау облысының кей жерлерде найзағай ойнайды, күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Ақтөбе, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнайды, Ақтөбе облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы облысының таулы аймақтарында және таулы бөктерінде найзағай ойнайды, найзағай кезінде жел күші 15-20 м/с дейін күшейеді.

Ал Атырау облысында күндіз қатты ыстық сақталады.

«Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Атырау, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Алматы, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде, Батыс Қазақстан, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының жекелеген аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары