Елбасы кеңсесінің басшысы 2022 жылы 70 жасқа толады
«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының шешімімен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кеңсесінің басшысы Махмұд Базарқұлұлы Қасымбековтің өкілеттігі 2022 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы мерзімге дейін ұзартылды», - делінген Elbasy.kz сайтында.
Естеріңізге салайық, 2018 жылдың соңында Нұрсұлтан Назарбаев Махмұд Қасымбековтің өкілеттігін 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартқан еді.
Махмұд Қасымбеков 1952 жылдың 2 тамызында Жамбыл облысының Шу қаласында дүниеге келген.