$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.07.2021, 14:46
Жаңалықтар

Алматыда мембағдарламамен салынған көпқабатты үйдің сылағы құлап қалды

Түрксіб аудандық әкімдігі аталған жайтқа қатысты пікір білдірді

 
Алматыда мембағдарламамен салынған көпқабатты үйдің сылағы құлап қалды

Алматыда мемлекеттік бағдарламамен салынған көпқабатты үйдің сылағы құлап қалды. Тоғыз қабатты тұрғын үй небәрі 2015 жылы ғана қолданысқа берілген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Жас Қанат» шағынауданында орналасқан үйдің қасбеті ашылып кеткен. Алып қабыраның сылағы адамдарға құлап кетпеу үшін ғимаратты әкімдік қоршауға алғызды. Түрксіб аудандық әкімдігі аталған жайтқа қатысты пікір білдірді.

«Бұл үй 2015 жылы қолданысқа берілген. Екі жыл кепілдік мерзімі өтіп кетті.  Қасбеттің ажырау себебін анықтау мақсатында мамандарды жібердік. Қабырғаның сылағы сапасыз құрылыс материалынан немесе дұрыс қызмет көрсетпеудің салдарынан болуы мүмкін», - деп хабарлады  Алматы қалалық Жайлы орта басқармасы тұрғын үй саясаты бөлімінің басшысы Олжас Тәжібаев.

Үйдің қасбеті минералды мақтамен, кейін тормен қапталған соң ғана сылақ жүргізіледі. Әкімдіктің болжамынша, сылақ пен қабырғаның арасына су кіруі де мүмкін.

«Бүгінгі күні кінәліні анықтау қажет: құрылыс салушы «Астана Құрылыс» немесе пәтер иелері кооперативі. Болған жағдайды солардың бірі жояды», - деді Тәжібаев.

Серіктес жаңалықтары