Қаулы 11 шілдеден бастап күшіне енеді
Батыс Қазақстан облысында карантин шаралары күшейтілді деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО бас мемлекеттік санитар дәрігері Мұхамғали Арыспаевтың 9 шілдедегі қаулысына сәйкес COVID-19-ға қарсы вакцина алмаған қызметкерлердің жұмысқа баруы шектеледі.
Сондай-ақ ұйымдардың вакцинацияланбаған қызметтеріне (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы үш ай ішінде коронавируспен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) жеті күнде бір рет міндетті ПТР тестілеу жүргізіледі. Саябақ, жағалау, аландарда және скверлерде балаларға және ересектерге арналған көлік құралдарын (электромобиль, педальді машина, скутер, картинг, гироскутер және т.б.) жалға беруге тыйым салынады. Басқа да шектеу шаралары сақталады.