iQala қалалық қызметтер орталығының қызметтерін онлайн режимде iqala.kz порталы арқылы алуға болады
8 шілдеден бастап iQala қалалық қызметтер орталығы Ashyq қосымшасы бойынша жұмыс істейді, деп хабарлайды әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияның баспасөз қызметі
«Ashyq мобильді қосымшасы QR кодты пайдалану және денсаулық сақтау министрлігінің жалпы дерекқорымен бірлесу арқылы келушінің мәртебесін анықтауға мүмкіндік береді. Клиенттің мәртебесін ЖСН арқылы да тексеруге болады. Ол үшін ЖСН/БСН нөмірін ресепшндегі орталық қызметкеріне айту жеткілікті», делінген хабарламада.
Еске салсақ, iQala қалалық қызметтер орталығының қызметтерін онлайн режимде iqala.kz порталы арқылы алуға болады.