Қазір полиция оқиғаның мәні-жайын тексеріп жатыр
Көкшетауда қолдан жасалған мотодельтаплан апатқа ұшырап, жасөспірім зардап шекті деп хабарлайды Azattyq-Ruhy облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство таратқан мәлімет бойынша, қайғылы жағдай Көкшетаудың іргесіндегі Краснояр кентінде «Құлагер» атшабары аумағында болған.
64 жастағы пилот пен 16 жастағы жасөспірім мотодельтапланның ұшып бара жатқанда аппарат кенеттен электр сымына соғылған.
«Олар төрт метр биіктен құлады, 64 жастағы ер адам дәрігерлер қараған соң үйіне жіберілсе, жасөспірім «иығы сынды, ішінен соққы алды» деген диагнозбен ауруханаға жатқызылды. Қазір жағдайы бірқалыпты», - деді ведомстводан.