Елордадағы екі ауруханада инфекция стационары ашылды

Автор: Azattyq Rýhy

Жаңа инфекциялық орындар ашылғаннан кейін жүктеме 58%-ға төмендеді

Нұр-Сұлтанда коронавируспен ауыратын науқастар үшін қосымша орындар ашылып, төсек-орын жүктемесі 71%-дан 58%-ға дейін төмендеді деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Бүгін таңертең КВИ-мен күресу үшін жалпы саны 2 505 орны бар 14 стационар ашылды. Жаңа инфекциялық орындар ашылғаннан кейін жүктеме 58%-ға төмендеді. Қазіргі уақытта жаңадан ашылған инфекциялық төсек саны үш мыңнан асты.

Еске салсақ, бұған дейін коронавируспен ауырғандардың көбеюіне байланысты қалада екі аурухана инфекциялық стационарға ауыстырылды. Олар: Қалалық психикалық денсаулық орталығы және ҚР Қорғаныс министрлігінің Бас әскери клиникалық госпиталі. Жалпы төсек-орын қуаты – 300 орын.

9 шілдеден бастап №1 көпбейінді қалалық аурухана ковидтік стационар ретінде іске қосылды. Бұл ауруханада 600 төсек-орын ашылды.