ШұғылҚазақстанда бір тәулікте коронавирусты 7 мыңға жуық адамның жұқтырғаны анықталды

Елімізде Hayat-Vax және CoronaVac вакциналарының қанша қоры қалғаны белгілі болды

Қазақстанда Hayat-Vax вакцинасының 185 мың, CoronaVac вакцинасының 260 мың дозасы қалған.

Денсаулық сақтау министрлігі елімізде Hayat-Vax және CoronaVac вакциналарының қанша қоры қалғанын жариялады деп хабарлайды Tengrenews.kz

Қазақстанда Hayat-Vax вакцинасының 185 мың дозасы бар.

«Оның ішінде бірінші дозаны енгізу үшін – 13 мың, 11 өңірде – ШҚО, Ақмола, Алматы, Қарағанды, Түркістан облыстарында және Алматы, Нұр-сұлтан мен Шымкент қалаларында алғашқы доза үшін вакцина жоқ. Екінші дозаны енгізу үшін 172 мыңы қалды, ол барлық аймақтарда бар және ол осы вакцинаның алғашқы компонентін алғандарға ғана арналған», - деді Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

CoronaVac вакцинасынан 260 мың доза қалған.

«Оның ішінде бірінші дозаны енгізу үшін – 47 мың. Барлық өңірлерде бар, ал аз ғана бөлігі яғни 300 дозадан аз – ШҚО мен Қызылорда облысында. Екінші дозаны енгізу үшін – 207 мың доза бар. Барлық өңірлерде бар», - дейді ведомствода.