Тоқаев Ноғаевқа әлемдік компаниялармен байланыс орнатуды тапсырды

Автор: Azattyq Rýhy

Бүгін Мемлекет басшысы кеше ғана Энергетика министрі болып тағайындалған Нұрлан Ноғаевты қабылдады

Фото: akorda.kz

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Энергетика министрлігінің алдында тұрған мақсат-міндеттерінің маңыздылығы туралы айтып, халықты электр қуатымен, газбен және жылумен қамтамасыз етуге баса көңіл бөлуді тапсырған.

«Сонымен қатар мұнай-газ және энергетика салаларындағы әлемдік және отандық ірі компаниялармен өзара ықпалдастық орнату мәселесі қарастырылды. Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді», - делінген Ақорда сайтында.