Алматыда отбасылық жанжал соңы пышақ жарақатымен аяқталды

Автор: Azattyq Rýhy

Кикілжің кезінде ерлі-зайыптылар мас болған.

фото ашық дереккөзден

Алматыда отбасылық кикілжің соңы пышақ жарақатымен аяқталды деп хабарлайды Azattyq-ruhy Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға Алматы қаласы Әуезов ауданындағы тұрғын үйлердің бірінде болған.

«Отбасылық жанжал кезінде әйелі күйеуіне қарсы суық қару, яғни пышақты қолданды. Куәгерлердің айтуынша, әйел қылмыс орнынан қашып кетуге тырысқан. Пышақ жарақатын алған ер адам ауруханаға жеткізілді», - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Күдікті қылмыстық жауапқа тартылады.