Маман пікірі: вакцина алар алдында белгілі бір тамақтану режимін сақтау міндетті емес

Автор: Azattyq Rýhy

Аш қарынға екпе қабылдау зиян емес.

Аш қарынға екпе қабылдауға бола ма? Бұл сауалға сала мамандары жауап берді деп хабарлайды otyrar.kz

Шымкент қалалық №3 емхананың бөлімше меңгерушісі вакцина алар алдында белгілі бір тамақтану режимін сақтау міндетті емес екенін айтады. Оның ойынша, аш қарынға екпе қабылдау зиян емес. Себебі ораза кезінде ауыз бекіткен адамдар вакцина қабылдап, кері әсерін көрмеген. Дәрігерлер екпе мен тамақтану арасындағы байланыс жайлы тараған ақпараттарды жоққа шығарып отыр.

Феруза Шаметова, Шымкент қалалық №3 емхананың бөлімше меңгерушісі: «Вакцинаның тамаққа қатысы жоқ. Вакцина алатын кезде тойып тамақ ішіп алу, витаминдер қабылдау, құнарлы тамақ ішу керек деген сөз – ол жалған ақпарат. Мысалы, сәуір, мамыр айларында ораза болды. Сол ораза ұстаған адамдар да вакцина алды. Ешқандай реакция болған жоқ. Жағдайлары бір қалыпты. Сол себептен вакцинаның тамаққа қатысы жоқ».