Жамбыл облысында жарты жылда 148 егіз сәби өмірге келген

Автор: Azattyq Rýhy

Соңғы 6 айда 13926 сәби туылған.

Жамбыл облысында жыл басынан бері 148 егіз өмірге келген деп хабарлайды облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі

Жамбыл облысында биылғы қаңтар-шілде айларында барлығы 13 926 сәби дүние есігін ашқан.

«Жалпы алты айда туған 13926 сәбидің 7138-і ұл бала болса, 6788-і қыз. Оның арасында 148 егіз бар. Үшем тіркелген жоқ», - делінген хабарламада.

Соңғы 6 айда өмірге келген сәбилердің арасында ең кішкентайының салмағы 501 грамм болған. Ол – ұл бала. Ал ең ірі сәбидің салмағы 5850 грамм екен.