Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 25 адам қайтыс болды

Автор: Azattyq Rýhy

122 адам аса ауыр халде жатыр

Фото ашық дереккөзден

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус пен КВИ белгілері бар пневмониядан 25 адам қайтыс болды деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.

5 шілдеде коронавирустық инфекциядан ел бойынша 31 718 адам емделіп жатыр (30 372+ және 1346 КВИ-), оның ішінде 9645 науқас ауруханада жатса, 22 073 пациент үй жағдайында емделіп жатыр.

КВИ+ және КВИ- ауырғандардың ішінде:

  • 600 науқас – ауыр халде
  • 122  науқас – аса ауыр халде
  • 69 науқас – ИВЛ аппаратына қосылған.