Шымкент тұрғынынан «Дельта» штамы анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

Бұған дейін үнді штамы Нұр-Сұлтан мен Алматы тұрғындарынан табылған еді

Фото: ашық дереккөзден

Шымкент тұрғынынан «Дельта» штамы анықталды. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқан Instagram парақшасында жазды.

«Шымкентте «Дельта» штамм табылды. Бұрынғыларға қарағанда тез тарайды, тез асқынып кетеді. Сақтанып жүрейік», - деп жазды ол.

Айта кетейік, коронавирустың таралуы бойынша бүгін Шымкент қаласы «қызыл аймаққа» өтті.

Бұған дейін «Дельта» штамы Нұр-Сұлтанда (21 маусым) және Алматыда (23 маусым) табылды.