Елордада бизнес-идеяларды іске асыру үшін гранттар алуға өтінімдер қабылдау басталды

Автор: Azattyq Rýhy

Елордада бизнес-идеяларды іске асыру үшін гранттар алуға өтінімдер қабылдау басталды

«Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы» ММ жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттарға ашық конкурс жариялады. Байқауға өтінімдер қабылдау басталып кетті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясындағы гранттар шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлерге экономиканың басым секторларында жүзеге асыратын өтеусіз негізде беріледі.

Конкурсқа қатысуға өтінім беру үшін "Qoldau" бизнеске арналған цифрлық платформаға тіркелу қажет.

Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер бекітілген нысан бойынша өтінімді электронды түрде ұсынады.

Конкурстық құжаттаманы ұсыну мерзімі: 2021 жылғы 12 шілдеге дейін.