$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
29.06.2021, 23:14
Жаңалықтар

Қазақстандық әншілер жарнамасын жасаған «Гарант 24 Ломбард» қаржы пирамидасының иелеріне қатысты сот басталды

Үш бірдей пирамида 17 мың адамды тақырға отырғызған

Қазақстандық әншілер жарнамасын жасаған «Гарант 24 Ломбард» қаржы пирамидасының иелеріне қатысты сот басталды
Фото ашық дереккөзден

Ақтөбеде үш бірдей қаржы пирамидасын құрғандарға қатысты сот басталды деп хабарлайды КТК телеарнасы. 48 адам жауапқа тартылып, олардың 31-і қамауда отыр. Ал сотталушыларға 17 мыңнан аса алданған тұрғын арыз түсірген.

Қазір Ақтөбедегі қоныс колониясының айналасында күзет күшейтілген. Себебі, сот процесі әдеттегідей сот ғимаратында емес, жабық мекеменің спорт залында өтіп жатыр. Отырыс басталмай жатып-ақ айыпталушылардың бірі қызуы көтеріліп, ауырып тұрғанын айтып шағымданған соң, оны кері алып кетті.

Сотталушылардың жеке басына қатысты деректермен танысу кезінде адвокаттар елдегі эпидемиялогиялық ахуалға байланысты процесті қашықтан өткізуге өтініш білдірді. Бірақ мұны судья құптамады. Өйткені бейне байланыс орнатуға мүмкіндік жоқ екен.

Қылмыстық іс 3800 томнан тұрады. Ал мың парақтан тұратын айыптау актісін оқуға да біршама уақыт кетеді. Бүгін прокурорлар осы іске кірісті. Тергеушілердің сөзінше, «Гарант 24 Ломбард» және «Выгодный займ», «Estate Ломбард» қаржылық ұйымының кесірінен 17 мың адам зардап шеккен. Келтірілген шығын 30 миллиард теңге.

Сотта жауап беріп жатқан 48 адамға қаржы пирамидасын құрып, алаяқтық жасағандары және ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекетіне араласқаны үшін айып тағылып отыр.

Серіктес жаңалықтары