26 маусымға арналған ауа райы болжамы

Автор: Azattyq Rýhy

Еліміздің батысы мен оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады

Синоптиктер сенбі, яғни 26 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Республиканың солтүстігінде, орталығында және шығысында атмосфералық фронттардың өтуімен жаңбыр, найзағай, бұршақ жауады. Батысы мен оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады. Кей жерлерде жел күшейеді, солтүстік және солтүстік-шығыста түнде және таңертең кей жерлерде тұман болады», - делінген «Қазгидромет» РМК баспасөз хабарламасында.

Жамбыл, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұршақ жаууы ықтимал, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында түнде және таңертең кей жерлерінде тұман болады, күндіз Павлодар облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында қатты ыстық сақталады.

Маңғыстау, Ақтөбе облыстарында қатты ыстық сақталады.

Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Түркістан, Жамбыл, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.