Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Нұр-Сұлтан әкімдігін тексеруді бастады

Автор: Azattyq Rýhy

Биыл бес айда әкімдік қызметкерлері жасаған 92 жемқорлыққа қатысты заңбұзушылық тіркелген    

Фото: ашық дереккөзден

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері елорданың қалалық және аудандық әкімдіктерінде, сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымдарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тексеруді және сыртқы талдауды бастады, деп хабарлайды Sputnik.kz.  

Агенттік төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов атап өткендей, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство қызметкерлерінің назарына жиі ілігеді.    

«Осы жылдың бес айында ғана Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, 76 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды», - деді ол.   

Бектенов сондай-ақ, қылмысы ашылғандардың қатарында қарапайым қызметкерлер ғана емес, орта буын басшылары да  болғанын атап өтті: түрлі деңгейдегі жеті әкім және олардың орынбасарлары, сондай-ақ 14 облыстық басқарма басшылары жауапқа тартылған.