Коронавирус пневмониясынан тағы 5 адам қайтыс болды

Автор: Azattyq Rýhy

1 тамыздан бері бұл індеттен көз жұмғандар саны мыңға жуықтады

Фотоколлаж

Қазақстанда пневмониядан бір тәулікте 5 адам көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

23 маусымда коронавирус белгілері бар пневмонияның 78 жағдайы және 5 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 43 адам емделіп шықты.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар – 56 786, 978 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандар саны 52 049-ға жетті.