Тур де Франсқа үш күн қалғанда Александр Винокуров қызметінен босатылды

Автор: Azattyq Rýhy

Оның адвокаттары қызметін қайта қалпына келтіру үшін жұмысты бастап кетті

«Астана» клубын ұзақ жылдар бойы басқарған Александр Винокуров қызметінен босатылды. Бұл туралы L'Équipe журналы жазды, деп хабарлайды Prosports.kz

Жылдың басты додасы Тур де Франсқа үш күн қалғанда спорт менеджері Александр Винокуров жұмысынан босатылғаны туралы хабарлама алған. 

2012 жылғы Олимпиада чемпионы «Астана» клубының негізі қаланғаннан бері құрамында болған. Мансабын аяқтаған соң басшылыққа келді. 

Жұмысынан босатылудың ресми себебін Александр Винокуровтың өзі растамай отыр. Оның адвокаттары қызметін қайта қалпына келтіру үшін жұмысты бастап кетті.